Астанада ер адам бірге тұратын әйелдің көлігін өртеп жіберді

Сурет: pixabay
Полицияға қала тұрғыны оның Honda Logo автокөлігін бірге тұратын жігітінің өртеп жібергені туралы арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, тергеу барысында әйелдің 31 жастағы ер адамы қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.

Жәбірленушінің жақында бірге тұратын ерімен қатты ұрысып қалғаны анықталды. Жанжал кезінде ер адам пәтердегі жиһаздар мен техниканы бүлдірген.

Орын алған жанжалдан кейін ол тынышталмай, Әл-Фараби көшесінде әйелдің көлігін өртеп жіберген. Бұл әрекеттен кейін ол бірге тұратын әйелге оған тиесілі көлікті қасақана өртеп жібергенін жазып, хабарлама жіберген.

Әйел бірден полицияға жүгінді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз