ҰҚК 100 келіден астам ақбөкен мүйізін тасымалдаған 5 браконьерді ұстады

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
10 қарашада жедел ақпаратты іске асыру нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірлесіп «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің қызметкерлерін тарта отырып, Қазақстан Республикасының бес азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың көлігін тінту барысында жалпы салмағы 100 кг-нан асатын 983 киік мүйізі табылды.

Ұсталған адамдар жақын шетелге жөнелте отырып, дериваттармен сауда жасады деп күдіктенеді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді