2023 жылы Қазақстанда қандай заңдар қабылданады

Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қанат Мусин Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасында 34 заң жобасын әзірлеу көзделгенін, оның ішінде 15 заң жобасы бірінші жартыжылдықта, 19 заң жобасы екінші жартыжылдықта Парламентке ұсынылуы тиіс екенін айтты.

Жалпы, министрдің айтуынша, Жоспар жобасы президент айқындаған міндеттер мен мемлекеттің стратегиялық құжаттары негізінде жасалған.

Қала құрылысы кодексі мен Бюджет кодексін, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, көші-қон, мемлекеттік сатып алу, салық салу мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу, сондай-ақ әкімшілік сот төрелігін, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңнаманы жетілдіру жоспарлануда. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин

Сонымен қатар, Әділет министрлігінің басшысы Су кодексін, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, бұқаралық ақпарат құралдарына және аквакультураға қатысты жаңа редакциядағы заң жобаларын әзірлеу жоспарланып отырғанын айтты.

Бұған дейін Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Қанат Мусин «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заңның жоғалуына байланысты жұмыс қалай жүріп жатқанын айтып берді.

Оның айтуынша, Елбасының мәртебесін жою туралы заң жобасы әлі департамент қарауына түскен жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін