Талдықорғанда такси жүргізуші жолаушыны пышақтап кеткен

Сурет: Zakon.kz
21 қарашада автовокзал маңында Талдықорған қаласының үш тұрғыны үш жерге бару үшін такси жалдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолда такси жүргізушісі клиенттерге түнгі тарифпен төлеу керектігін еске салды.

Жолаушылар бұған дөрекі жауап қайтарып, бұл кейіннен ер адамдардың жұдырықтасуына түрткі болды.

Содан көлік жүргізушісі жиналмалы пышақпен клиенттердің бірін ауыр жарақаттады.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. 27 жастағы такси жүргізуші түсінік беру үшін қалалық полицияға жеткізілді.

Қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы