Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, қар, жаңбыр жауады деп болжанады

Сурет: Zakon.kz
23 қарашада еліміздің алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында да қар қалың. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қар ұшқындап, боран соғады. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, тұман болады. Облыстың шығысындағы оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ орын алып, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады