Ұлытау облысында Республика күні мерекесі тойланды

Сурет: Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Халықпен қайта қауышқан – Республика күні мерекесі аталып өтілуде. 13 жылдан кейін, қайта жанданған мереке Ұлытау облысында өткен құрылтайда мерекелер тізіміне қосылған болатын.

Ұлттық мерекеге орай қаламызда «Қыран елім – Қазақстаным!» атты патриоттық акция өтті.

Мерекелік іс-шаралар легі орталық алаңда 200-ге жуық қала тұрғындарының ҚР Әнұранын бір мезетте шырқауынан бастау алды.

«Сәтбаев – татулық бесігі» атауымен этномәдени бірлестіктер өкілдері және мешіт қызметкерлері ұлттық тағам түрлерін халыққа ұсынды. Соынмен қатар, түрлі ұлт өкілдерінің әні шырқалып, шағын концерттік бағдарлама өтті.

Жастар орталығының ұйымдастыруымен автошеру өтті. Автошерудің негізгі атрибуты Қазақстанның туы болды.

5 автокөлік көк байрақты желбіретіп, Мәңгілік ел, Ұлытау, Тәуелсіздік, Ерден, Абай, Сәтбаев даңғылымен жүріп өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз