Алматы зообағы жаңа туған шабақтарды көрсетті

Сурет: Zakon.kz
Зообақ көбіне керік, бұғы, аю сияқты ірі жануарлар туралы жазатын. Бұл жолы ұжым бурунди балығының жаңа туған шабақтары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хайуанаттар бағының ұжымы бурунди балығының өз шабақтарымен жүзіп жүрген сәтінен видео бөлісті.

"Бүгін цихлид деп аталатын кішкентай аквариум бақтары туралы айтпақпыз. Жақында бізде бурунди ханшайымы атты балық кішкентай шабақтарды өмірге әкелді. Бұл балық алғаш рет Бурунди еліндегі көлден табылғандықтан осылай аталып кеткен. Жаңа туған балықтарды көргілеріңіз келсе зообағымыздағы Аквариум бөліміне келіңіздер", - деп жазды Алматы хайуанаттар бағы Instagram-дағы парақшасында.

Осы жаңалыққа орай зообақ оқырман мен келушілер арасында арнайы байқау ұйымдастырып отыр. Ол үшін бақтағы Аквариум бөліміне барып, жаңа туған кішкентай шабақтарды санау керек.

"Шабақтардың саны қанша екенін осы парақшамызға жазыңыз. Жауабын дәл тапқан адам зообаққа отбасымен кіруге рұқсат беретін билет ұтып ала алады".Алматы хайуанаттар бағы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Бірқатар салықтар бойынша есептілік тапсыру және төлем жасау мерзімі 20 шілдеде аяқталады