Синоптиктер сенбі күні ауа райы қалай құбылатынын айтты

Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2022 жылғы 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК таратқан мәліметке сүйенсек, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен елдің шығысында, орталығында, солтүстік-батысында және Алматы облысының таулы аймақтарында қар жауып, бұрқасын соғады. Республиканың қалған бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз.

Батыста, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста – тұман. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында жел күшейеді деп болжанды. "Қазгидромет" РМК

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 22-24°C , күндіз 17-19°C аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9°C , күндіз 2-4°C аяз.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы 7-9°C аяз, күндіз 1°C аяз.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстан тарихының жаңа көптомдығы қашан дайын болады - министр жауабы

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі доллар, еуро және рубль құны қанша