Қазақстанның төрт өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 желтоқсанда Қазақстанның кейбір өңірлерінде қар бұрқасындатып, боран соғатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 желтоқсанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, боран соғады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Таңертең және түстен кейін Қызылорда облысының орталығында солтүстік шығыстантан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде қарлы боран болады. Оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың батысында оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды