15-17 желтоқсанда Қазақстанда қар жауып, тұман түсіп, күн суытады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 15-17 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, еліміздің бірқатар аймақтарында қар жауып, қар жауып, тұман түсіп, күн суытады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде  негізінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы түнде -23...-28°С-қа дейін төмендейді.

"Тек орталықта, оңтүстік-батыста, 17 желтоқсанда республиканың шығысында қар жауып, аздаған бұрқасын болады. Қазақстанның оңтүстік облыстарын тұман басады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Шымкентте және республиканың үш облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған еді. Синоптиктер 14-16 желтоқсан аралығында қатты аяз, жел, тұман және қар жауатынын ескертті.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды