Қазақстанның төрт облысында көмір жетіспейді

Энергетика министрі Болат Ақшолақов көмір қоры жеткіліксіз өңірлерді атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Энергетика министрі Болат Ақшолақовтан неге кейбір өңірлердегі көмір қоры нормативтен төмен екенін сұрады. Ал министр қуат көздері қоймаларындағы көмір қоры 3 миллион тоннаға жуық екенін нақтылады.

"Бұл негізінен бекітілген стандарттарға сәйкес келеді. Алайда кейбір станцияларда бұл норма сақталмайды. Олар: Қарағанды ​​ЖЭО, Теміртау ГРЭС - 15 тәулікке, нормасы 20. Павлодар ЖЭО-да 7 тәулікке, нормасы 10 және Петропавл ЖЭО-да 17 тәулікке, нормасы 20".Болат Ақшолақов

Оның айтуынша, энергетикалық қадағалау комитеті күніне екі рет осы электр станциялары мен ҚТЖ өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізеді.

"Өткен кезеңде Петропавл ЖЭО-дағы көмір қоры толықтырылды. Қазір олар ҚТЖ-мен қосымша жұмыс істеп жатыр. Әлі үш күн қалды, толтырамыз".Болат Ақшолақов

Бұған дейін Болат Ақшолақов қызыл аймақтағы ЖЭО жабдықтарын күрделі жөндеуге 2023 жылға 182 миллиард теңге қажет екенін айтқан еді.





Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: