Алматының жеке секторында шолақ мылтығы бар қарақшылар ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Медеу ауданы полициясының мәліметінше, кешкі тоғыз жарымда үш ер адам өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасаған: күш қолданып, ұялы телефоны мен басқа да мүлкін тартып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.


Жедел шаралар кешені, соның ішінде қаланың бейнебақылау жүйелеріне мониторинг жасау кезекші тәулік ішінде қаскөйлердің жүріп өткен көлік маркасын, сондай-ақ олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл – 30, 19, 18 жастағы жергілікті тұрғындар. Күдіктілердің көлігі Тәттімбет көшесінде бөгелді. Шабуылшыларды ұстау бойынша арнайы іс-шара полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізілді. Көліктің ішін тінту кезінде шолақ мылтық табылды. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Оның шығу тегі, қандай қылмысқа қатысы бар екені осы зерттеу нәтижесінде белгілі болады.Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Спикердің айтуынша, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады Polisia.kz.

Тергеудің осы кезеңінде олардың кем дегенде үш тонауға қатысы бар екендігі анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі