Ақтөбеде қорапқа салынған сәбидің денесі табылды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жан түршігерлік жаңалық 19 желтоқсан күні кешке қарай анықталды.

Аталған факті бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.


"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ананың кім екенін анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатқаны айтылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз