Алматы облысының тұрғыны 11 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді

Сурет: ҚР ІІМ
С.есімді азамат негізінен Алматы қаласы Алатау ауданындағы жеке секторда ұрлық жасап жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, оның “жұмысынан” келген жалпы шығын 2 миллион теңгеден асады.


Ер адам үй иелерінің үйде жоқтығына көз жеткізіп, жеке үйлерге кіріп, ақша, электроника, зергерлік бұйымдарды, бір сөзбен айтқанда, тауып алғанның және оңай алып кететіннің бәрін ұрлап кеткен. Кезекті ұрлықтан кейін ол ұсталды. Қазіргі уақытта қаскөйдің қылмыстық әрекетінің қосымша эпизодтарын құжаттандыруға бағытталған қажетті тергеу және басқа да процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Барлық деректер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген қылмыс белгілеріне сәйкес бір өндіріске біріктірілді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды