Путин Ресей шынымен соғысты аяқтағысы келетінін айтты

Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік кеңестің соңғы отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ресей Украинадағы қақтығыстың шеңберін айналдыруды емес, керісінше оны тоқтатуды көздеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Путин шынымен соғысты аяқтағысы келетініне сендірді.

"Біздің мақсатымыз – әскери қақтығысты жалғастырмау, керісінше, осы соғысты аяқтау. Біз бұған ұмтыламыз және келеміз, әлбетте бүл үрдіс неғұрлым тезірек болса, әрине, жақсы". Владимир Путин

Оның айтуынша, соғыс қимылдарының күшеюі негізсіз шығынға алып келеді.

Бұған дейін Украина басшысымен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Джо Байден Владимир Зеленскийдің Ресеймен бейбітшілік туралы диалогқа ашық екенін айтқан. Сонымен бірге ол АҚШ-тың «ержүрек украин халқының өз елін қорғау құралдарының болуын» қамтамасыз етуге ниетті екенін де атап өтті.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті