БҚО-да марихуана сақтаған күдіктілер ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Өсімдік тектес тыйым салынған зат – күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша шаруашылық құрылысында табылса, ал екінші күдікті тыйым салынған арамшөпті жатын бөлмесінде сақтаған.

Полиция қызметкерлері 53 жастағы тұрғынның тұрғылықты жеріне тексеру жүргізу барысында ол екі литрлік банкадағы ерекше иісі бар өсімдік тектес затты моншасына жасырған.

Сол күні Ақсай қаласында полицейлер тағы 60 жастағы ер адамды ұстады. Оның тұрғылықты жері бойынша 3 үш литрлік, 1 екі литрлік және бір 250 грамм банка табылған, деп жазады Polisia.kz. 

Тәркіленген ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті ерекше заттың сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 2 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды.

Осы екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды