Жаңа жыл қарсаңында Алматы ертегі әлеміне айналды

Жаңа жылға орай қалада 26 сәнді шағын архитектуралық пішін, 30 үй және фотоаймақ құрылды. Сонымен қатар әкімдік үлкен алаңдардың маңындағы 65 ағашты безендіріп, Алматыдағы кейбір ғимараттар түрлі-түсті шамдармен безендірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі жылға созылған карантин шектеулерінен соң Алматы билігі жаңа жылдық атмосфера беру үшін қаланы тек жылы түстермен безендіріпті. Қазір алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарына арнап бірнеше жаңажылдық орындар жасақталды. Қаланың барлық ауданында дерлік жаңа жылдық инсталляциялар пайда болды, қала халқы олардың жанында суретке де түсіп үлгерді.

Алматының бас шыршасы Абай алаңында орнатылды. Шыршаның биіктігі 22 м, оны мерекелік безендіруде 10 мың гирлянда мен 350 ойыншық пайдаланылды. Шыршадан бөлек, мұнда танымал мультфильмдердің кейіпкерлерінен жаңа жылдық қалашық жасалды, келер жылдың символы – қоян да ұмыт қалмаған.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Бұл орындар қала тұрғындарының көзайымына айналып үлгерді. Жаңа жылдық суретке түсіп, көңіл-күйін көтеру үшін мұнда балалармен қоса, ересектер де ағылып келіп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Айта кетерлігі, Алматы билігі жыл сайын ондаған сәндеушімен бірігіп, алаңдар мен саябақ алаңдарына қала тұрғындарын таң қалдыратындай ерекше жаңа жылдық пішіндер орнатуға тырысады. Қаладағы ірі даңғылдар бойындағы мерекелік безендіру де алматылықтарға қуаныш сыйлап үлгерді. Десе де, Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының алдындағы алаң әр адамға естен кетпес ғажайып сыйлайды дер едік.

Сурет: Zakon.kz

Мұнда орнын тауып қонжық "қонжиыпты", шағын айналма дөңгелек, шыршалар, үйшік пен үлкен шарлар да жаңа жылдың лебін сездіре түседі.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Мұндай жарқыраған қалашықтар мен инсталляцияларнегізінен Алматының орталық бөлігінде орнатылған. 

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ алматылықтар мен қала қонақтары үшін қысқы фестиваль форматындағы тақырыптық жаңа жылдық іс-шаралар әзірленді. Алматыда екі апта бойы сыйлықтар жәрмеңкесә, шеберлік сыныптары, байқаулар, кешкі фильмдер көрсетілімі өтеді. Ал ыстық тамақ пен сусын сататын арнайы дүкендер барлық жерде бар.



Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: