Синоптиктер 29 желтоқсанда циклон Қазақстанға қандай ауа райы әкелетінін айтты

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша 2022 жылғы 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің батыс өңірлері әлі де циклон ойпатының ықпалында болады, осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.

"Елдің солтүстік – батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар, оңтүстігінде жаңбыр, қар жауады. Тек ҚР оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанды. "Қазгидромет" РМК 

Синоптиктердің болжамынша, республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болжанды, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда қар жауады. Шығыстан жел соғады, күші – 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -12-14°С, күндіз -8-10°С  болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -4-6°С, күндіз +1+3°С  болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты,  таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы  түнде 0,-2°С, күндіз +6+8°С болады.


Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі