Қар мен боран: синоптиктер мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды

Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл күндері елде қар жауып, бұрқасын болады деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанның ауа райын атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, бұрқасын, екпінді жел соғады, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ болжанды."Қазгидромет" РМК

1 қаңтарда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ауа температурасы түнде батыста -1...-6°С аяздан  -3...+2°С-қа дейін көтеріледі, ҚР солтүстігінде, орталығында, шығысында  -5...-20°С аяздан -10...-25° аязға дейін аздап төмендейді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста  0...-10°С аяздан  -3...-15°С аязға дейін біртіндеп төмендейді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты