McDonald's Қазақстандағы жұмысын біржола тоқтатты

Сурет: instagram.com/mcdonalds.kaz
McDonald's Қазақстандағы жұмысын түбегейлі тоқтатты, жақын арада оның орнына жаңа атаумен басқа мейрамхана ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Food Solutions KZ ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда McDonald's брендімен жұмысын тоқтатты.

Қазақстанда McDonald's баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания жұмысы қайта жандандырады және жылдам қызмет көрсететін мейрамхана жаңа атаумен ашылады. Бұл туралы ақпарат жақын уақытта жарияланады.

"Мейрамханалар желісі ашылғаннан кейін келушілерге жоғары сапалы өнімдер, түрлі мәзір мен қонақжай қызмет ұсынылады. Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар қолданыстағы жоғары стандарттарға, құндылықтарға және бизнес принциптеріне сәйкес жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.


Еске салайық, 2022 жылғы 18 қарашадан бастап McDonald's Қазақстандағы барлық мейрамханасының жұмысын уақытша тоқтатқанын және компания жұмысты тезірек қалпына келтіруге бар күшін салатынын хабарлаған еді. Бұған өнімді жеткізу бойынша проблема себеп болған.

McDonald's-тың Қазақстандағы алғашқы мейрамханасы 2016 жылы ашылған. 5 жыл ішінде республика бойынша (Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды) 24 мейрамханасын ашты.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті