Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып жел соғады, түнде облыстың солтсүтігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 17-22 м/с. Атырау қ.: 07 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Көкшетау қ.: күндіз 07 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының түнде басым бөлегінде қар, күндіз облыстың басым бөлегінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын. Облыстың орталығында көктайғақ, тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Қостанай қ: 07 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 07 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, облыстың солтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ: 07 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын күтіледі Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

7 қаңтарда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысынның шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Семей қ.: 07 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен.: 07 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігіндн күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Петропавл қ: 07 қантарда жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың солтүстік-батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 07 қаңтарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. қ. Түркістан: 07 қаңтарда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 07 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

7 қаңтарда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облысының батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: