Демалыс күндері еліміздің басты үш қаласында ауа райы қандай болады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер алдағы үш күнге қатысты еліміздің басты үш мегаполисінде ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, елордада аптаның бірінші күні ауа райы күрт бұзылып, аяқ жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты 7-9 қаңтар бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

Астана

7 қаңтар - күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндіз ол 15-20 м/с жетеді. Елордадағы ауа температурасы: күндіз - 3...-5°C, түнде -5...-7°C.

8 қаңтар - күн бұлтты, жауын-шашын болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндіз ол 15-20 м/с жетеді. Елордадағы ауа температурасы: күндіз - 0...+ 2°C, түнде -3...-5°C.

9 қаңтар - аспан бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндіз ол 15-20 м/с құрайды. Сынап бағаны -21...-23°C дейін күрт төмендейді деп күтіледі.

Алматы

7 қаңтар - күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні — 0-5 м/с. Ауа температурасы күндіз +4...+ 6°C, түнде 0...-2°C.

8 қаңтар - күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні — 0-5 м/с. Сынап бағаны күндіз +5...+ 7°C, түнде 0...-2°C көрсетеді.

9 қаңтар - күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Соққан желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. АСынап бағаны 0...+2°C көрсетеді.

Шымкент

7 қаңтар - күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндіз ол 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз: +11...+ 13°C, түнде: +3...+5°C.

8 қаңтар - күн бұлтты, жаңбыр жауады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, ол кей тұста 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз: +9...+ 11°C, түнде: +6...+8°C.

9 қаңтар - күн бұлтты, қар жауады деп күтіледі. Соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с құрайды. Сынап бағаны -2...-4°C көрсетеді.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды