Қазақстанда күн күрт суытып, қар жауады, тұман түседі деп болжанады

Сурет: unsplash
Синоптиктер 2023 жылы 8 қаңтарда, жексенбіде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын жеткізді. Болжамға сәйкес, елімізде жаңбыр жауып, қар түседі, қатты суық болады, желдің екпіні күшейеді, көктайғақ, боран және тұман болады деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, кезекті атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа райына әсер етіп, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

"Еліміздің солтүстік-батысында қар жауады деп күтіледі. ҚР-дың солтүстігінде, батысында ауа массасында суық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы күрт төмендейді. Республикамыз бойынша жел екпіні күшейіп, көктайғақ, боран болады, елдің орталығында, оңтүстігінде тұман сақталады", делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚР ІІМ еліміздегі қолайсыз ауа райына байланысты қазақстандықтарға үндеу тастады. Жүргізушілерден қолайсыз ауа райы кезінде жолдардың жабылуына байланысты алыс сапарға шықпау, жол ережелерін сақтау, ауа райы туралы ескертулерді елеп-ескеру сұралады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз