Өзбекстандықтарға әзірге Қазақстанға келуден бас тартуға кеңес берілді

Сурет: Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның тас жолдарында атты аяз салдарынан қиын жағдайға тап болған Өзбекстан азаматтарынан түсетін арыз-шағымдар жиілеп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктері Қазақстандағы жерлестермен және уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста. Оларға консулдық, құқықтық және практикалық көмек көрсетіліп жатыр, деп мәлімдеді Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Осы айтылғанжағдайларды ескере отырып, Өзбекстан азаматтарына ауа райы тұрақталғанға дейін Қазақстан аумағы арқылы автокөлікпен және автобуспен жүруден бас тартуды ұсынамыз". Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі қиын жағдайға тап болған Қазақстандағы жерлестеріне Өзбекстанның Астанадағы Елшілігіне +717 295-42-52 немесе Алматыдағы +727 390 26 16 және Ақтаудағы бас консулдықтарға +729 277 71 17 телефон нөмірлері арқылы хабарласа алатынын ескертті.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді