Қарағанды облысында көктайғақтан жарақат алғандар көбейді

Сурет: pixabay
Қарағанды облысында соңғы екі аптада көшеде жүріп жарақат алғандардың саны 1600 адамға жетті. Әсіресе, көктайғақта жығылғандар көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаңтар басталғалы боран соғып, кейін күн күрт жылып қар еріді. Ал апта басында аяз күшейіп, кей кездері -30 градусы көрсетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Салдарынан көшелер көктайғаққа айналды. Аурухананың жарақат бөліміне тәулігіне 100-ге жуық адам түседі екен. Басым дені – құлап жарақат алғандар.

Коммуналдық қызмет өкілдері жаяу жүргінші соқпағы мен жолдардың мұзын аршып үлгермей жатыр.

Соңғы екі аптада 1600 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазір далада көктайғақ. Мұздан құлап, жарақат алғандар жиіледі. Тұрғындарға көшеде абайлап жүруге кеңес береміз.  Ерік Шонбаев, Х. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия ауруханасы ахуал орталығының меңгерушісі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін