Ономастика комиссиясы Астанадағы бір көшеге Асқар Забикуллиннің есімін беру жөніндегі ұсынысты мақұлдады

Республикалық ономастика комиссиясы Астана қаласының жаңа құрылған ауданы мен көшелеріне және Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне атау беру туралы мәселерді қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР  Мәдениет және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, Комиссияның қарауына мемлекеттік органдардан барлығы 15 ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне ақын Майкөт Сандыбайұлының есімін беру туралы ұсынысы қолдау тапты.

Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына сәйкес елордада жаңадан құрылған ауданға "Нұра" атауы, бірқатар көшелер және алаңдарға атау беру туралы ұсыныстарына оң қорытынды берілді. Олар:

Айта кетсек, комиссия ерлікпен қаза тапқан өртсөндіруші Асқар Забикулиннің есімін Астана қаласы Есіл ауданындағы Е-583 көшесіне беру туралы шешім қабылдады.


"Есімі ел тарихында сақталған тұлғалардың осылай насихатталуы – міндетті құбылыс. Ономастика саласында атқаратын жұмыс көп, барлығы уақыт шеңберінде жүзеге асады деген сенімдеміз".Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов

Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: