Қазақстанда әуе рейсі енді 5 сағатқа кешіксе, билеттің толық құнын қайтаруға болады

Сурет: pixabay
Қазақстанда әуе рейсі енді 5 сағатқа кешіксе, билеттің толық құнын қайтаруға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тимур Тілегеновтің айтуынша, рейстердің кешігуін азайту мақсатында тиісті заңнамаға өзгерту енгізілген. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

"Ескі заңнамаға сәйкес, әуе рейсі 10 сағатқа кешіктірілген жағдайда әуе компаниясы билет құны толық қайтаруға тиіс еді. Осындай жағдайларды болдырмас үшін біз заңнамаға өзгерту енгізуді ұсындық. Заң былтырғы жылдың аяғында қабылданды. Егер кешігу уақыты 5 сағаттан асатын болса, онда билет құны толық қайтарылуға тиіс". Тимур Тілегенов

Еске салайық, елімізде әуе компаниялары жолаушыларға рейс кестесі өзгергені жөнінде дер кезінде хабарлауға міндеттелген еді. Әуе компаниялары рейстің өзгеру себептері және рейстің өзгерген уақыты туралы немесе жаңа маршрут туралы мәліметтерді, сонымен бірге рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты әуе компаниялары ұсынатын қызметтер тізбесін ұсынуы керек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда толассыз жаңбыр жауып, көшелерді су басты

Жер бетінде магниттік дауыл жүріп жатыр