Ақтауда толассыз жаңбыр жауып, көшелерді су басты
Сурет: pixabay
Ақтау көшелерінде жаңбыр суын сору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтау қаласында 7 қарашадан бастап толассыз жауған жауын салдарынан қала аумағында көп мөлшерде су жиналып, осыған байланысты коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Су сору жұмыстарына 20-ға жуық арнайы техника мен 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.
"Жұмыстарға коммуналдық мемлекеттік мекемелердің, Төтенше жағдайлар департаментінің, сондай-ақ мердігер компанияның арнайы техникалары мен жол жұмысшылары тартылды. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.
Жаңбыр суын сору жұмыстары түнгі ауысымда да күшейтілген режимде үздіксіз жүргізілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript