Семейде нөсер жаңбыр жауып, көшелерді су басты

Төтенше оқиға, нөсер жаңбыр, Семей, көшелерді су басты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2024 20:03 Сурет: Telegram/semeyakimdigi
Семейде 2024 жылдың 4 шілдесінде нөсер жаңбыр жауып, көшелерді су басты. Қалалық әкімдік көшені судан тазалау жұмыстарына қанша арнайы техника жұмылдырылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство жаңбыр суын айдау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта суды тазартуда 10 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, кәріз суларын қабылдау құдықтарын тазартуға лай сорғыш және өзге арнайы техникалар тартылған", деп нақтылайды Семей қаласының әкімдігі.

Сондай-ақ қала билігі су басқан көшелердің видеосымен бөлісті. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: