Заңсыз айыппұл: Ақмола облысында жолдағы электронды таразыдан ақау шықты

Сурет: Zakon.kz
«Көкшетау – Астана» автожолындағы жүк көліктерінің салмағын таразылау жүйесі дұрыс жұмыс істемегендіктен 200-ден астам жүргізушіге негізсіз айыппұл салынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Электрондық құрылғы өткен жылдың соңында 8 күн бойы өткен жүк көліктерінің салмағы нормадан асып кетті деп қате көрсеткен.

Осы мәліметке сүйеніп «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама да толтырып үлгерген, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда, жүргізушілердің шағымынан кейін көлік бақылау инспекциясы электронды таразыны тексеріп, техникалық ақау тапты. Қазіргі уақытта автоматтандырылған жүйе қалыпты жұмыс істеп тұр.

Облыстық кәсіпкерлер палатасына жүк тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілерінен көптеген шағым келіп түсті. Сарапшылар оларды қарап, өңірлік көліктік бақылау инспекциясына, «ҚазАвтожол» компаниясына және Көкшетау көлік прокуратурасына хат жіберді. Содан кейін электронды таразы тексерістен өтіп, құрылғыдан техникалық ақау шыққаны анықталды. Нәтижесінде толтырылған хаттамалар өз күшін жойды. Марат Бәйкенов, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр