Тараз тұрғыны 19 жылдан бері өлгендер тізімінде жүрген

Тараз тұрғыны Олег Ким 19 жыл бұрын өлгендер тізіміне еніп, мұны 1,5 жыл бұрын ғана білген. 59 жастағы азамат зейнетақы қорындағы ақшасын есептетуге барған, сонда қайтыс болған азаматқа қызмет көрсетпейміз деп қайтарып жіберіптhttps://zakon-img1.object.pscloud.ioі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, Олег Кимді Алматының Түрксіб аудандық сотты 2004 жылы өлілердің қатарына енгізген.

"Әйеліммен заңды түрде ажырасқан жоқпыз. Ол кезде 10 жастағы қызым қалған. Кейін әйелім мені іздеп таппаған-ау деп ойлаймын. Ол мені жоқ болып кеткен соң іздеп, жүгінген болуы керек. Ал судья қайтыс болды деген шешім шығарып жіберген ғой, бірақ мені ешкім іздеген жоқ". Тараз тұрғыны Олег Ким

Ал ол бір фирмада жүк тасушы болып жұмыс істеп, жалақы алған. Екі жыл бұрын ескірген жеке куәлігін де еш қиындықсыз ауыстырған. Ал АХАТ бөліміндегілер өлді деген дерек базаға тек 2021 жылы енгізілгенін айтады. 

"Бұл кісінің статусын қайтару үшін АХАТ бөліміне жүгінуі керек. Өтініш жазып. Қайтыс болу акт жазбасын жою үшін. Содан кейін бұл кісіге сотқа жолдама береміз.Түрксіб аудандық сотының 2004 жылғы шешімін жою үшін. Сол жою фактсын әкелгенде біз оны жойып тастаймыз. Одан кейін статусы өзгереді".  Тараз АХАТ бөлімінің басшысы Бахытнұр Тілеубекқызы

Олег Ким азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне өтініш берді. Енді тірілер тізіміне нақты қашан қосылары белгісіз. 

Тараз Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: