Түрік компаниясы Көкшетаудағы жылу электр стансасының құрылысына инвестиция салуға дайын

Сурет: primeminister.kz
Көкшетаудағы жылу электр орталығын салу бойынша тендерге түріктің «Гап Иншаат» компаниясы қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен «Гап Иншаат» түрік компаниясының бас директорының міндетін атқарушы Ченгел Азиздің келіссөздері барысында ЖЭО құрылысының болашағы зор жоба екені, сондықтан түрік тарапының компанияның республикадағы инвестициясын кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Әлихан Смайылов ҚР Энергетика министрлігі жылу электр стансасының құрылысына ашық тендер өткізіп жатқанын, оған барлық әлеуетті инвесторлар қатыса алатынын қосты.

Өз кезегінде Ченгель Азиз тендерге қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, Көкшетаудағы жаңа ЖЭО-ның электр қуаты 240 МВт, жылу қуаты - 520 Гкал/сағ.

Жобаны қаржыландыру тендер жеңімпазы инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай