Олардың көпшілігі қаладағы кептеліс мәселесін шешуге елеулі ықпал ететін ірі нысандар. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 201.7 шақырымды құрайтын 253 көше орташа жөндеуден өтеді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Жол құрылысы және қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін нысандардың қатарында Д.Қонаев даңғылы жалғасының 3-ші кезеңі, А-2 айналма жолының 2-ші, 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы және Ж.Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары бар. Мұнан бөлек биыл Бәйдібек би – Арғынбеков көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың 1-ші кезеңінің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар шығыс айналма жолының бірінші кезеңі пайдалануға беріліп, Темірлан тас жолының бойында жаяу жүргіншілерге арналған өткел салынады. Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Ал, орташа жөндеу жұмыстарына тоқталар болсақ, биыл магистралды және ішкі орамдық 253 көшенің асфальт жабыны жаңарады. Олардың жалпы ұзындығы 201.7 шақырымды құрайды.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының деректері бойынша, өткен 2022 жылы Шымкент қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67.4 пайыз болған. Жоғарыда аталған ауқымды жұмыстың нәтижесінде биыл жыл соңында бұл көрсеткіш 71.2 пайызға дейін жақсарады деп жоспарланған. Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте автомобиль жолдары саласында 158 нысанда (287,8 шқ) жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Оның ішінде 3 нысанда құрылыс және қайта жаңарту, тағы 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Басқарманың мәлімет бойынша 2022 жылы жалпы ұзындығы 256.3 шақырымды құрайтын 152 нысан орташа жөндеуден өткен. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 122,7 шақырымдық топырақ көшелерге шағал тас төселген.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы