Борышкердің банкроттыққа дейінгі жағдайы қалай анықталады

Мемлекеттік кірістер комитеті Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг, сондай-ақ оның нәтижелері рәсімді тоқтатуға немесе банкрот міндеттемелерін тоқтатудан бас тартуға негіз болатын, борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтаруы мақсатында жеке мүдделері үшін жасаған әрекеттеріне тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

Борышкердің соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін борышкердің тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдары іске асырады.

Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары:

Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің бар екендігін куәландыратын фактілерге:

Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерін анықтау мынадай дереккөздерде:

Қажет болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерін және төлем қабілетсіздігінің туындау себептерін объективті бағалауға қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдарға және ұйымдарға, шет мемлекеттердің ұйымдарына сұрау салу жібереді.

Борышкерінің қаржы-шаруашылық қызметін талдау қорытындысы бойынша  мемлекеттік кірістер органдары мынадай құжаттардың бірін:

Қорытындының және анықтаманың бір данасы МКО номенклатуралық істерінде сақталады, ал екінші дана борышкерге жіберіледі.

Мемлекеттік кірістер органы қорытынды жасалған күннен бастап 3  жұмыс күні ішінде:
  1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 182-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және шешім қабылдау үшін материалдарды сотқа береді;
  2. Қорытындының немесе анықтаманың көшірмесін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жібереді.

Құжат 8 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

30 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңға қол қойды.

 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: