Астана
31 қаңтар: ауа райы құбылмалы, күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттан 1-6 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағаны түнде 25-27 градусқа дейін төмендейді, күндіз 11-13 градус аяз.
1 ақпан: ауа райы құбылмалы, күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Сынап бағаны түнде 25-27 градусқа дейін төмендейді, күндіз 12-14 градус аяз.
2 ақпан: ауа райы құбылмалы, күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Сынап бағаны түнде 23-25 градусқа дейін төмендейді, күндіз 12-14 градус аяз.
Алматы
31 қаңтар: ауа райы құбылмалы, күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус суық, күндіз 2-4 градус жылы.
1 ақпан: ауа райы құбылмалы, күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 0-5 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 5-7 градус суық, күндіз 2-4 градус жылы.
2 ақпан: ауа райы құбылмалы, күн бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус суық, күндіз 3-5 градус жылы.
Шымкент
31 қаңтар: ауа райы құбылмалы, күн бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде тұман түседі. Оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Сынап бағаны түнде 1 градусқа дейін төмендей, күндіз 7-9 градус жылы.
1 ақпан: ауа райы құбылмады, күн бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Сынап бағаны түнде 0-2 градусқа дейін төмендейді, күндіз 8-10 градус жылы.
2 ақпан: ауа райы құбылмалы, күн бұлтты, аракідік жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 10-12 градус жылы.