Ресейлік ғалым әлемде жер сілкінісінің саны артады деп болжады

Сурет: Zakon.kz
Алдағы бес жылда әлемде сейсмикалық белсенділік жоғары болады. Жер сілкінісінің саны артады. Бұл болжамды Ресей ғылым академиясының бірыңғай геофизикалық қызметінің директоры Юрий Виноградов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маманның айтуынша, магнитудасы шамамен 9 балл болатын күшті жер сілкінісі орта есеппен 5-7 жылда бір рет, ал 8 баллдық жер сілкінісі жылына 2-3 рет болады, деп жазды "РИА Новости" басылымы.

"Соңғы төрт жылда бізде сейсмикалық белсенділік төмендегенін айтқым келеді. Жер бетінде сейсмикалық энергияның бөлінуі біршама азайды. Ал орташа көрсеткішке ұмтылғандықтан, алдағы бес жылда сейсмикалық белсенділік орташадан сәл жоғары болады, сәйкесінше, жер сілкінісінің саны аздап өседі", – деді Виноградов.

Ғалым ең күшті жер сілкінісінің қай жерде болатынын нақты айтқан жоқ, дегенмен ол әлемде сейсмикалық аймақтар белгілі екенін атап өтті. Ол аймақтар әрдайым жер сілкінісіне дайын болуы керек.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды