Роман Скляр Алматының сейсмикалық қауіпсіздігі туралы айтты

Сурет: wikimedia
17 ақпанда өткен парламенттік тыңдауда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Алматыдағы сейсмикалық қауіпсіздік мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселені сенат депутаты Сергей Ершов көтерді. Түркиядағы жойқын жер сілкінісіне тоқталып, бізде де сейсмикалық қауіпті Алматы сияқты өңір бар екенін айтты. Осы орайда ол Роман Склярдан Алматыдағы сейсмикалық қауіпсіздік жағдайын қалай бағалайтынын және Түркиядағыдай қайғылы оқиға елімізде қайталанбауы үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

"Алматыда бір ғана институт бар. Ол - Қазақстан құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты. Мекеме сейсмикалық аймақтағы ғимараттарды жобалау мәселесімен тарихи түрде айналысып келеді. Қазір алаңдауға негіз жоқ деп есептеймін. Тиісті шенеуніктер тиісті құжаттарға қол қоя отырып, осымен айналысады және өз жұмысына жауап береді".Роман Скляр

17 ақпанда Роман Скляр Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Қазақстандағы АЭС құрылысының орнын өзгерту мүмкіндігі туралы да айтты.

6 ақпан күні таңертең Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. Тербеліс магнитудасы 7,8 балл болды. Алғашқы жер сілкінісінен кейін тұрғындар кем дегенде тағы он шақты жер сілкінісін сезінді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті