Жаңаөзенде 15 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті қолға түсті

Жаңаөзенде 15 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті қолға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 21:45 Сурет: polisia.kz
Жаңаөзенде сауда орталығынан жалпы құны 15 миллион теңге болатын алтын бұйымды ұрлады деген күдікпен 19 жастағы жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 қазанда күдікті сауда орталығының екінші қабатында орналасқан зергерлік бұйымдар бөліміне заңсыз кіріп, гауһар тастары бар 24 жұп алтын сырға мен 24 алтын сақинаны ұрлап кеткен.

Жәбірленуші бейнебақылау камераларының жазбаларын қарау барысында ұрлық дерегін анықтаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 15 миллион теңгені құрады.

15 қазанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып жібергенін хабарлады. Қазіргі уақытта ұрланған бұйымдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: