Мойынқұмдағы кәсіпорындардың жабылуы салдарынан тұрғындар жаппай көшіп жатыр

Сурет: astanatv.kz
Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданнан кейінгі 10 жылда 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мойынқұм ауданы Жамбыл облысының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Қазір мұндағы халық саны 28 мың адамнан сәл асады.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, Кейінгі жылдары аудандағы 24 елді мекеннің барлығында тұрғын азайған. Мысалы, Мирный ауылында қазір 675 адам тұрады, кейінгі 3 жылда шағын ғана ауылдан 120 адам көшіп кеткен. Көп үй бос тұр. Өйткені иелері сата алмағандықтан тастап кеткен.
"Кейінгі 11 жылда халық саны азайған. Жалпы азаюы аудандағы соңғы жылдағы Мирный, Ақсүйек елдімекендеріндегі "Шығыс кент", "Батыс кент" өндіру басқармаларының, уран шығаратын ірі кәсіпорындардың жабылуы әсер еткен". Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды