Шығыс Қазақстан облысында адамдар мінген автобусты қар көшкіні басып қалды

Сурет: видеодан скриншот
Балалар мінген автобустың үстіне демалыс орындарына бара жатқан жолда қар көшкіні құлады. Бір ғажабы, барлығы аман-есен қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, қазір өңірде дауылды ескерту жарияланғанымен, тұрғындар әлі де демалысқа шығып кетеді. Ал құтқарушылар оқыс жағдайға түсіп қалғандарды құтқарып әлек.

Бұл жолы құтқарушылардың жолы болды. Өйткені жүргізуші еңістегі қар массасының қозғалысын байқап, тоқтай алған. Көліктің есігі мен шатыры ғана опырылып түскен. Қозғалыстың басқа қатысушылары автобусты бері қарай шығарып, босатқан.

"Қар көп жиналған тау беткейлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қар көшкінін алдын алу жұмысы жүргізіліп жатыр. Қыс басталғалы қазірдің өзінде 260 мың текше метрге жуық қар шығарылды".Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Марина Лискова

Синоптиктер де үрейлі болжам айтты. Термометрлер +7 градусқа дейін көтеріледі. Олар жаңбыр мен қар болатынын айтты. Барлық қызмет жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр. Су басу қаупі бар жерлер ерекше бақылауда.


Бұған дейін Тәжікстанда 14 адамның қар көшкіні астында қалғанын жазған едік. Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласында үлкен қар көшкіні жүріп өтті.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты