Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын.
"Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Абай, ШҚО, Жетісу облыстарында және Қарағанды облысының оңтүстік - шығысында 1°- қа жоғары болады деп болжанды", - деді министр "Қазгидромет" РМК ақпаратын келтіріп.
Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрі наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, батыста, оңтүстік-батыстың жекелеген аудандарында және ҚР солтүстігінде нормадан артық болжанғанын мәлімдеді.
"Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап гидрологиялық болжам апта сайын ұсынылады. Гидрометеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" РМК су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулерді алдын ала 2-3 тәулік бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шаралар ұйымдастыру үшін жолдайды", - деді Зүлфия Сүлейменова.