"1 наурызда Алматыда халықты орталықтандырылған ескерту жүйесін кешенді тексеру жүргізіледі. Қалада сиреналар мен көшедегі дыбыс зорайтқыштары қосылады. Соымен қатар телеарналар мен радиостанциялар да бұл жаттығуға қосылады. Тексеру барысында Ескерту құрылғылары мен байланыс арналары жұмыс істеп тұрғаны, барлық қызметтің әрекеті тексеріліп, пысықталады", - деді қала әкімдігі.
Бұған дейін әкімдік алматылықтар мен қала қонақтарынан сирена дыбысы кезінде үрейленбеуді сұраған еді.
"Сабыр сақтаңыздар! Үрейленудің қажеті жоқ", - деді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.