Darhan Juzz-дың денесі жер қойнына тапсырылды

Сурет: Instagram/d.juzz
Қазақстандық музыкант Darhan Juzz-дың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Кенсай-2 зиратында ондаған адам әртіспен қоштасуға жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оны әйгілі Батырхан Шүкеновтың зиратының жанына жерледі. Жерлеу мұсылман әдет-ғұрыптарына сәйкес өтті. Молда Құран оқып, қайтыс болған адамның жақсы қасиеттерін айтты. 

Darhan Juzz-дың қайтыс болғаны жайындағы ақпарат оның жанкүйерлері мен жақындары үшін ауыр соққы болды. 

Ozen медиа компаниясының негізін қалаушы Айзатулла Хуссейн, Дархан да өмірде де, жұмыста да сезімтал адам болғанын айтты. 


Сурет: Zakon.kz


"Дархан өмірде бақытты адам болды. Артына үлкен шығармашылық мұра қалдырды. Қазір барлық достары бірігіп, оның жұмысын жалғастырады. Дархандар дос қана емес, бауыр да бола білді. Ол барлық шығармашылық адамдары сияқты, сезімтал болды. Ән жазған кезде мұқият болатын. Артына өшпес мұра қалдырды." Айзатулла Хуссейн

õzen лейблы Дархан Жүнісбековтың әлі шықпаған альбомын шығарады. Альбомның авторлық құқығы мен ақшасы оның балалары - ұлы Әди мен қызы Айданаға беріледі.


Сурет: Zakon.kz


2023 жылы 24 ақпанда белгілі қазақ орындаушысы Дархан Жүнісбеков (Дархан Жүз) дүниеден өтті. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әншінің Пхукет аралында қайтыс болғанын растады. Таиланд полициясының мәліметінше, қазақстандық жалға алған мопедпен келе жатқан кезде апат салдарынан қаза болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді