2 наурыздағы саудада доллар тағы арзандай түсті

Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,98 теңгеге төмендеп, 435,6 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 0,79 теңгеге төмендеп, 63,33 теңге болды.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 470,41 теңге, рубль бағамын  5,88 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 433-438 теңге, еуро 460-468 теңге, ресей рублі 5,6-5,9 теңге аралығында саудаланып жатыр.

2 наурызда мұнайдың әлемдік бағасы сәл өсті. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 0,15%-ға қымбаттап, 84,44 доллар болса, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,12%-ға өсіп, 77,78 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды