Астанаға 400 қоғамдық көлік пен 900-ден астам жүргізуші жетпейді

Сурет: Zakon.kz
Астанада автобус кешігуіне байланысты шағым көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Астанада қазір 98 бағыт бойынша жүретін 850-ден астам автобус бар, тағы 400 қоғамдық көлік пен 900 ден аса жүргізуші жетіспейді.

Ал жауаптылар болса автобустардың кешігуіне жүргізушілердің жетіспеушілігін деп отыр. Қазір қалада 1,5 мыңға жуық жүргізуші бар екен, тағы 900-і жетпейді. Сондықтан қоғамдық көлікке қатысты шағым азаяр емес. 

"Күніне 850-ден астам автобус жолаушыларды тасымалдауға шығады. Жалпы 2022 жылы қоғамдық көлікке 52 мыңға жуық шағым болды. Оның 17 мыңнан астамы сол автобусты күту уақытының ұзақтығына".  CTS ЖШС көлік үйлестіру департаментінің бас менеджері Абай Төлеуханов

Жауаптылар жыл соңына дейін жетіспейтін қоғамдық көлікті толықтай жаңадан алуды жоспарлап отыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі