Алматы облысындағы жер дауы: тұрғындар үлесін қайтаруды талап етіп отыр

Сурет: astanatv
Алматы облысының тұрғындары "жеріміз жекеге өтіп кетті" деп наразылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
"Осы совхозда әке-шешеміз істеген. Кербұлақтан былтырдан бері қуа бастады. "Малыңды алып, біздің жерден кетіңдер" деді. Біріншіден, үйдің құжаты жоқ". Облыс тұрғыны Айдын Хамитов

"Колхоз құрылғанда біреу атын, біреу арбасын алып келді. Сол жерді игеріп, дән алып үлесін қосып отырды. Ал тараған кезде үлесін алуы керек қой. Бірақ бір адам жерін де алған жоқ", - дейді облыстың тағы бір тұрғыны Айдар Рахымжанұлы.

Ал жер телімінің қазіргі заңды иесі - "Байсерке Агро" ЖШС директоры көпшілік орынсыз даурығып отырғанын айтты. 

"1990 жылы Қажыгелдиннің қаулысымен, мемлекеттің қаулысымен совхоздағы жер берілмейді деген. Қазір халыққа жұмыс беріп отырмыз". "Байсерке агро" ЖШС директоры Қазыбек Ақсақалов

Ал жергілікті әкімдік жекенің ісіне араласа алмайтынын айтты. 

"Бұл кісілер сотқа барды. Соттың шешімі бар. Егер "Байсерке агро" ЖШС қандай да бір заңсыз әрекет етсе, сот арқылы жерді қайтарып алатын еді.  Енді біз егер өтініш жазса, бұл кісілерге сотқа дейін бағыт-бағдар беріп, көмек жасай аламыз". Панфилов ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәуле Мықтыбаева

Панфилов ауылындағы 2 200 гектар жер қазір егіс алқабына айналып, жүгері егіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі