Елімізде қандай экономикалық құқық бұзушылықтар қылмыс санатынан шығарылуы мүмкін

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 18:30 Фото: Zakon.kz
Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық құқық бұзушылықтардың бір бөлігін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Айдос Сарымның айтуынша, қылмыс санатынан шығарылуы мүмкін 14-15 бап бар.

"Бұл мәселені кәсіпкерлермен бірге талқылау керек. Мемлекеттік сатып алуға қатысты баптар өте көп. Кейбір адамдар салық режиміне уақытында өте алмай қалып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп айыпталады. Бұл – өте нәзік мәселе. Сондықтан әр бапты мұқият қарап, жан-жақты жұмыс істеу қажет", – деді ол.

Оның әріптесі, депутат Снежанна Имашева да бұл пікірді қолдады.

"Біз бұған дейін бірқатар бапты, соның ішінде жалған кәсіпкерлікке қатысты бапты қылмыс санатынан шығардық. Алайда бизнесті жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін баптар әлі де бар. Қай әрекетті алаяқтық деп тану керек, ал қайсысын азаматтық сотта қарау қажет екенін нақтылауымыз керек", – деді ол.

Бұған дейін депутат Олжас Құсбеков Қазақстанда қандай мүлік түрлері сән-салтанат заттарына жатқызылып, оларға салық салынуы мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: