Нөсер жаңбыр мен қар: 16-18 наурыз аралығындағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 2023 жылғы 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана
16 наурыз көшпелі бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ болып, қар жауады. Түнде желдің екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз 0 градус шамасында.

17 наурызда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз 0 градус шамасында.

18 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз 0+2°С.

Алматы
16 наурыз көшпелі бұлтты, түнде және таңертең нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +8+10 жылы.

17 наурыз бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, тұман түседі. Желдің екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +0+2°С, күндіз +7+9°С.

18 наурыз күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауып, тұман түседі. Желдің екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз 0+2°C.

Шымкент
16 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +16+18°С.

17-18 наурызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +14+16°С.
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар