Жаңбыр, қар, тұман – демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 18-20 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, елімізде жаңбыр, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК таратқан мәліметке сүйенсек, аптаның соңында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің солтүстік, шығыс жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 19 наурызда Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, тек республиканың батысында күн райы жауын-шашынсыз болады.
"Кезеңнің екінші жартысында республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада тұман түсіп, жел күшейеді", –  делінген хабарламада.

Синоптиктер температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайтынын атап өтті.

"Тек аптаның соңына қарай Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 0-8 аязға дейін төмендейді деп болжанды". "Қазгидромет" РМК

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі