Ақтөбеде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға көмек көрсетілуде

Сурет: pixabay
«ХЖКО» КММ, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-нің ПҚБ ету бөлімі, Алматы аудандық және Астана аудандық пробация қызметі бөлімдері, Ақтөбе облысы прокуратурасының бөлім басшысымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңке барысында пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға бүгінгі күнге келіп түскен барлық тұрақты бос жұмыс орындары, кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант және шағыннесие алу, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту, біржолғы көмек және бағдарлама аясында белсенді шаралар бойынша толық ақпарат берілді.

Пробация қызметі есебінде тұратындарды жұмысқа орналастыру бойынша белгіленген квотаға сәйкес 4 мекемеден 15 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Нәтижесінде, жәрмеңкеге 22 адам қатысып, оның ішінде: 16 адамға тұрақты жұмысқа жолдама берілді, 1 адам кәсіптік оқытуға ниет білдірді, 5 адам әр түрлі себептерге байланысты ұсынылған жұмыстардан жазбаша түрде бас тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды